2019 жылдың 12 желтоқсан күні Сауда-экономикалық жоғары колледжінде «РуханиЖаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстан тарихы» пәні бойынша қалалық олимпиада өтті. Біздің колледжден тарих пәнінің оқытушысы А.Кенжеханова басқарған екі бірінші курс студенттері Бибалина Назгүл мен Қуандықова Сымбат қатысты, екі студент те жақсы нәтижелер көрсетті, бұл жолы 2 турға Қуандықова Сымбат өтіп, эссе жазып,  сертификатқа  ие болды.

Біз студенттерімізді  құттықтап, болашақта үлкен жетістіктерге жетулерін  тілейміз!

2019 ж. 5 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының Дін проблемаларын зерттеу орталығының  маманы Е.Жексенов Қазақстан Республикасы аймағында өз қызметін жүргізуге заң жүзінде шектелген діни бірлестіктер, олардың ерекшеліктері, сонымен бірге өз қатарларына тарту жолдары туралы дәріс оқыды.

2019 жылдың қараша айында «Томирис» медициналық колледжінің студенттері «Urker mitec» зияткерлік орталығы «IQ college» жобасының аясында медицина саласында білім алып жатқан студенттерге арналған «Гиппократ» жыл сайынғы республикалық қашықтық олимпиадасына қатысты.Бұл олимпиада медициналық колледжінің білім алушыларына арналған.

2019 жылдың 29 қараша күні ҚР Тұңғыш Президенті -  Елбасы Назарбаев Н.А.көшбасшылықүлгісінде колледж студенттеріне арналып, 2-3 курс білім алушылары мен медициналық саласының атақты қызметкерлерінің  қатысуымен кездесу өткізілді.

2019 жылғы 29 қараша күні  «Томирис» медициналық колледжінде «Білім беру үрдісіне  ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізу арқылы мамандарды даярлаудың сапасын арттыру» тақырыбында Ашық есік күні өткізілді.