5.10.21ж.  «Томирис»  медициналық колледжінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жаңадан қабылданған студенттердің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторымен кездесуі өтті.

    Инспектор студенттерге коменданттық сағатты сақтау қажеттігі, құқық бұзушылық үшін жауапкершілік, заңсыз әрекеттердің себептері мен салдары туралы айтып берді. Жазаның бұлтартпастығы қағидасына тоқталып, жастар тарапынан жасалған құқық бұзушылықтарға мысалдар келтірді.

    Әңгіме соңында студенттер өздерін қызықтырған барлық тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, жан-жақты жауаптар алды.