2021 жылдың  15 – 19 ақпан  аралығында  «Жалпы кәсіптік  және арнайы  пәндері»  ЦӘК   апталығы  жоспар  бойынша  ұйымдастырылып, өткізілді.

15.02 күні 3МІ тобы оқушыларымен ZOOM платформасында «Қала және ауыл ортасы экологиясы» тақырыбында экология пәні оқытушысы Жуматова Г.С  теориялық түрде  ашық сабақ өткізді. Оқытушы оқушылардың пәнге қызығушылықтарын оятып, тақырыпты терең түсінулеріне жол ашты.

16.02 күні  жалпы  патология  пәні оқытушысы  Каирбекова Д.М. 3СД тобымен ZOOM арқылы «Қабыну» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында ситуациялық есептер, презентация қолданылды.

17.02 күні арнайы пән оқытушысы Кошаева П.К «Жұмыс орнындағы медицина қызметкерінің қауіпсіздігі» тақырыбында 2ЛД тобы оқушыларының қатысуымен ZOOM бойынша қалалық деңгейде  ашық сабақ өткізді. Топ оқушылары сұрақ – жауап ойынына қатысып, классрумға жүктелген тест сұрақтарына жауап берді.

18.02 күніарнайы пәндері оқытушысы Султанкулова К.С 1ЛД11 тобында  «Бүйрек. Құрылысы, орналасуы, маңызы. Нефрон» тақырыбы бойынша оффлайн түрінде ашық сабақ өткізді. Оқушылар топшаларға бөлініп, берілген тапсырмаларды муляждан, кестеден көрсетіп,  интерактивті тақтамен жұмыс жасап, бір – бірін бағалау парақшасында бағалады.

19.02 күні  ЦӘК төрайымы, ЦӘК оқытушыларының қатысуымен апталықтың салтанатты жабылуы өткізілді.