2020 жылғы 21.12–25.12 күндер аралығында «Томирис» медициналық колледжінде «Жалпы білім беретін және әлеуметтік-экономикалық пәндері» ЦӘК апталығы болды.

2020 жылдың 24 желтоқсанында ЦӘК апталығы аясында Zoom платформасында ұйымдастырылған «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында мәнерлеп өлең оқу байқауы өткізілді.

Байқауға 1ЕІ А тобының білім алушылары қатысты. Байқау шарты бойынша әрбір қатысушы Қазақстан, Отан, туған ел туралы мәнерлеп өлең оқуға және өлең оқу уақытын1-2 минут көлемін сақтауға міндетті.Мәнерлеп өлең оқу байқауында топтың білім алушылары белсенділіктанытты.

Іс-шараға колледждіңЦӘК төрайымы  ХасеноваС.Е., колледж оқытушылары  ЕмбергеноваА.М., КенжехановаА.Р., ӘкімішМ.Е., т.б. қатысты. Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Муратбекова Г.А.ұйымдастырды және жүргізді.

          Байқау нәтижесі бойынша 1-орындыоқу мәнерімен ерекшеленген Акимбаева Жансаяжеңіп алды. Ал 2-орынды Таткенова Айман иеленді, 3-орынды Абдуллаева Жансауле мен Кульжанова Аяулым бөлісті.

«Жалпы білім беретін және әлеуметтік-экономикалық пәндері» ЦӘК апталығының қорытындылау салтанатында орын алған білім алушылар мадақтамалармен марапатталды. Сонымен қатарбайқауға белсенді атсалысқаны үшін Бейбитова Томирис, Егизбай Аружан, Жумалиева Дильназға алғыс хаттар тапсырылды.