Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай «Менің Туым - Менің Қазақстаным» атты флешмоб Томирис медициналық колледжінде ұйымдастырылды.

         «Діни экстремизмді насихаттайтын интернет-ресурстардың қауіптілігі», «Деструктивті діни ағымдарды тартудың белгілері мен әдістері».

 

     17.11.21жылы халықтың діни сауаттылығын арттыру, діни экстремизмнің алдын алу аясында Дін мәселелерін зерттеу орталығының ақпараттық-түсіндіру тобының қызметкерлері «Томирис» медициналық колледжінде студенттерге кездесу өткізді. Кездесудің негізгі тақырыбы – «Діни экстремизмді насихаттайтын интернет-ресурстардың қауіптілігі», «Деструктивті діни ағымдарды тартудың белгілері мен әдістері».     Әңгімелесу барысында тыңдаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кездесу соңында деструктивті діни ағымдардың мәнін түсіндіру, Қазақстан Республикасының зайырлылық терминін анықтау, iKomek-109 сенім телефоны бойынша, террористік және экстремистік тізімдер бойынша жадынамалар алды. Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдар, Нұр-Сұлтан қаласындағы конфессиялық палитра туралы мәліметтер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінен үзінділер.

 

«Терең парасаттылықтан жоғары кәсібилікке дейін»

15.10.21ж. «Астана-адалдық алаңы» жобасы аясында, «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Терең парасаттылықтан жоғары кәсібилікке дейін» тақырыбында, Нұр-Сұлтан қаласы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің Слетіне, 2курс студенттері Акимбаева Ж. мен Ескендиров А. белсене қатысты.

    Слеттің негізгі мақсаты,жастардың бойында Сыбайлас жемқорлық көріністеріне теріс көзқарас қалыптастыру және сыбайлас Жемқорлықты жеңуде жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

КОЛЛЕДЖІМІЗДЕ БАЯНҒАЛИ ӘЛІМЖАНОВПЕН ОНЛАЙН «ПАРАСАТТЫЛЫҚ САҒАТЫ» ӨТКІЗІЛДІ.

26.11.21жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті қазақ ақыны, жазушы, драматург, ақын-импровизатор, жыршы-жырау, манасшы, сатирик, әдебиеттанушы, режиссер, сценарист, киноактер, журналист, кинодокументалист, тележүргізуші, балалар ақыны және балалар жазушысы Баянғали Әлімжановпен колледж  студенттерімен, кезекті онлайн «Парасаттылық сағатын» өткізді. Баянғали Әлімжанов - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қырғызстанның «Достық» орденінің кавалері, Манас батыр туралы қырғыз эпосының Қазақстандағы жалғыз манасшысы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, 50-ден астам кітаптың авторы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері өмір бойы өзінің бар күш-жігерін Қазақстанның рухани мәдениетін дамыту мен қалыптастыруға жұмсады. Ақын театр, кино, өлең және поэзия арқылы өскелең жастарға жоғары адамгершілік қасиеттер қалыптастыруға және оларды парасаттылық, адалдық және әділеттілік жолына бағыттауға болады деп санайды. Сұхбат барысында Баянғали Әлімжанов отбасы құндылықтары, бірлік және өзара құрмет тақырыбында өз ойларымен бөлісіп, жастарды патриотизм мен парасаттылыққа шақырды. Ақын қазіргі жастардың ежелгі ақындардың әдебиетін оқуға деген сүйіспеншілігін ояту қажеттілігіне ерекше назар аударды, өйткені олардың өлеңдері мен әңгімелерінен рухани дамудың қайнар көзін табуға болады. Бүгінгі күні Баянғали Әлімжанов - көпшілік үшін үлгі. Әр кездесуде ол жастарды алға қойған мақсаттарына жету жолында аянбай еңбек етуге, үлкендерді құрметтеуге, Отанын сүюге және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.